×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Ауғанстанды Қазақстанның қай тауары қызықтырып отыр

Бүгін, 19:25
Ауғанстанды Қазақстанның қай тауары қызықтырып отыр
Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Ауғанстан сауда, экономикалық байланысты күшейтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМЕТ

Ауғанстан Қазақстаннан бидай импортын арттыруға және жүгері жеткізуді жолға қоюға дайын екенін білдірді. Жылына 1 млн тонна жүгері жөнінде сөз қозғалды.

КЕЛІСІМ

Қыркүйек айында екі елдің кәсіпкерлері арасында келіссөздер ұйымдастырылып, нәтижесінде 100 млн доллардан астам сомаға келісімдерге қол жеткізілді. Қазақстан Ауғанстанға 50 мың тонна бидайды жөнелтіп үлгерді.

ЛОГИСТИКА

Тараптар жүктерді Түрікменстан арқылы жеткізудің балама бағыттарын да талқылауда. Қазіргі негізгі транзиттік жол Өзбекстан арқылы өтеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Президент Тоқаев Орталық Азияның тұрақты дамуы өңір елдерінің тығыз ынтымақтастығы мен Ауғанстандағы тұрақтылыққа байланысты екенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары