×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Қазақстанда көлікті лизинг арқылы сатып алуға болады

Бүгін, 20:20
Қазақстанда көлікті лизинг арқылы сатып алуға болады
Әлеуметтік желіден

Қазақстандықтар автокөлікті лизинг арқылы сатып ала алады — құжат қоғамдық талқылауға шығарылды, ол 2 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӨЛІКТІ ЖАЛҒА АЛУҒА БОЛАДЫ

Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын әзірледі. Құжат қазақстандықтарға автокөлікті лизинг арқылы сатып алуға мүмкіндік беруді көздейді. Келісім типтік үлгі бойынша жасалады. Алайда кейін сатып алу құқығымен жалға алу бұрын пайдаланылған көліктерге қолданылмайды.

«Механизмді іске асыру азаматтар үшін автокөліктің қолжетімділігін арттырып, ішкі автолизинг нарығының дамуын ынталандырады және бәсекелестік ортаны нығайтуға қосымша жағдайлар жасайды», – делінген хабарламада.

ӘЗІР ТАЛҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Ол 2 қарашаға дейін жалғасады.

БҰҒАН ДЕЙІН

21 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар автокөлікті лизинг арқылы сатып ала алатынын, бұл олардың халық үшін қолжетімді болуына ықпал ететінін айтқан.

Серіктес жаңалықтары