×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Ержан Бабақұмаров қайтыс болды

Бүгін, 10:35
Ержан Бабақұмаров қайтыс болды
Ашық дереккөзден

Астанада Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ержан Бабақұмаров 56 жасында өмірден өтті. 

Алдын ала мәлімет бойынша, экс-шенеунікті бүгін түнде Астанада әлдекімдер соққыға жыққан. Күдікті ұсталды.

Полиция ресми түсініктеме дайындап жатқанын хабарлады, әзірге өзге мәлімет жоқ.

ПОЛИЦИЯ ЖАУАБЫ

Артынша полиция ақпаратты растап, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, төбелес болған.

- Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген полиция жауабында.

Серіктес жаңалықтары