×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Қайрат Қожамжаров қазір қайда жүр?

Бүгін, 12:52
Қайрат Қожамжаров қазір қайда жүр?
ulysmedia.kz коллажы

Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс жалғасып жатыр. Бірақ оның қайда екені әлі белгісіз. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев іске қатысты журналистер сұрағына мардымды жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Сенат кулуарында Ғалымжан Қойгелдиев журналистердің «Қайрат Қожамжаров Ресей азаматтығын алды ма?» деген сұрағына нақты жауап бере алмады.

«Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Соның қорытындысын күтейік, барлығы анық болады. Оның қайда екені тергеу барысында анықталады», – деді ол.

Контекст

Биыл қыркүйекте бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп мәлімдегін бас прокуратура сол уақытта.

60 жастағы Қайрат Қожамжаров Назарбаев тұсындағы ықпалды күштік құрылым өкілдерінің бірі болған. Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы отставкаға кеткен күні Қожамжаров сенат депутатына айналған. Оған дейін екі жыл бас прокурор қызметін атқарды. Жемқорлыққа қарсы түрлі құрылымдарға жетекшілік етті. Президенттің кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған. Ақмола облысын басқарған.

БАҚ-та Қайрат Қожамжаровтың қазір Ресей астанасы Мәскеуде тұрып жатқаны айтылады. Жақында оның Ресей азаматтығын алғаны туралы да ақпарат тараған. Қожамжаров Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің курстасы деген де ақпарат бар.

Серіктес жаңалықтары