×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Жұмысшылар қазақстандық зауыт Қытайға сатылып кете ме деп қауіптеніп отыр

30.10.2025, 17:11
Жұмысшылар қазақстандық зауыт Қытайға сатылып кете ме деп қауіптеніп отыр
Ulysmedia.kz коллажы

Жұмысшылар кәсіпорынды әдейі дағдарысқа жеткізіп жатқан болуы мүмкін деп күдіктенеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«ПО Көкше-Цемент» ЖШС ұжымы жалақының ұзақ уақыт бойы кешіктірілуі мен жаппай жұмыстан босатуға байланысты мемлекеттік органдарға шағым түсірді, деп жазады Halyqstan. Олардың айтуынша, кәсіпорынның берешегі 144 млн теңгеге жеткен, ал жұмыстан кеткендердің саны 200 адамнан асты.

– Өз еркімен жұмыстан шығатындарға ақшаны бірден береді. Ал қалғандар ештеңе алмай отыр. Бізді әдейі кетуге мәжбүрлеп жатқандай әсер қалдырады, – делінген ұжымның үндеуінде.

ИНВЕСТОР

Жұмысшыларды зауыттың шетелдік инвесторларға сатылуы мүмкін деген сыбыс та алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, жуырда кәсіпорында Қытайдың Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd. компаниясының өкілдері болып, активтерді бағалау жұмыстарын жүргізген.

Қызметкерлердің пікірінше, зауыт «жабылуға әдейі жеткізіліп» жатыр. Сондықтан олар биліктен кәсіпорынды ұлттық меншікке қайтару мәселесін қарауды сұрайды.

Ұжымдық хатта жұмысшылар прокуратураны, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ҰҚК-ні кәсіпорын басшылығының іс-әрекеттерін тексеріп, қаржылық операциялар мен төлемдердің кешіктірілуіне құқықтық баға беруге шақырған.

Серіктес жаңалықтары