×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Енді нашар жол үшін ақша төлемеуге болады

Бүгін, 21:40
Енді нашар жол үшін ақша төлемеуге болады
Ашық дереккөзден

Жақын арада қазақстандықтарға ақауы бар жол учаскелерінің нақты тізімі ұсынылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енген жаңа ережелерге сәйкес, жүргізушілер жол сапасы нормативтеріне сай келмейтін учаскелер үшін ақы төлемейді. Алайда әлі күнге дейін қай жолдарда жүру тегін болатыны ресми түрде жарияланған жоқ.

КАЗАВТОЖОЛДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Ұлттық компанияның мәліметінше, арнайы комиссия барлық ақылы жолдарды тексеріп жатыр. Құрастырылған актілер Көлік министрлігіне жолданады, ал министрлік төлем мөлшерін өзгерту туралы бұйрық дайындайды. Ақауы бар жол учаскелерінің тізімі осы жылдың қараша айының соңына дейін жариялануы тиіс.

ДАРХАН ИМАНАШЕВТІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

– Мысалы, егер комиссия 100 км жолдың ішінде кем дегенде 10 км нормативке сай емес деп тапса, біз тиісті өзгерістер енгіземіз. Төлем тек қалған 90 км үшін алынады. Ақаулар жойылғаннан кейін бұл учаскені қайтадан ақылы жолдар қатарына қосу құқығын сақтаймыз. Комиссия 10 қарашаға дейін барлық ақылы жолдарды тексеріп бітіруі тиіс. 25–30 қараша аралығында Көлік министрлігі бұйрық шығарып, қай учаскелер үшін төлем алынбайтынын хабарлаймыз, – деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Көлік министрлігі жүргізушілер жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығына кедергі келтіретін ақаулар анықталған учаскелер үшін ақы төлемейтінін мәлімдеген. Алайда ведомство нақты қай жолдар туралы сөз болып отырғанын және бұл жаңашылдықтың қалай реттелетінін нақтыламаған.

Серіктес жаңалықтары