×
530.07
615.2
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.07
615.2
6.58

Қазақстан билігі Қашаған мен Теңіз мұнай кен орнына байланысты келіссөз жүргізіп жатыр

Бүгін, 10:40
Қазақстан билігі Қашаған мен Теңіз мұнай кен орнына байланысты келіссөз жүргізіп жатыр
Фото: Қазмұнайгаз

Қазақстан Қашаған және Теңіз мұнай кен орындарына қатысты АҚШ-тың ExxonMobil корпорациясымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Bloomberg басылымының жазуынша, Қазақстан билігі Exxon Mobil топ-менеджерлерімен Қашағанды кеңейтуге байланысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Тараптар әзірге қандай да бір келісімге келмеген. Бірақ Қазақстан билігі мұнай өндірісін ұлғайтуды қолдап отыр.

Бұған қоса, тараптар Exxon Mobil компаниясының Теңіз кен орнын игеруге қатысты лицензия мерзімін созу мәселесін де талқылап жатыр.

2000 жылы ашылған Қашаған ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Жобаның сол кездегі операторы – италиялық Eni компаниясы уақыт өте келе мұнда тәулігіне 1,5 млн баррель мұнай өндіруге болады деп болжаған. Алайда қазір өндіріс көлемі шамамен 450 мың баррель ғана.

«ҚазМұнайГаз» мәліметінше, Қашаған операторы өндірісті 2026 жылға қарай 500 мыңға, ал 2031 жылға таман 700 мың баррельге жеткізуді көздейді. Сол кезде қосымша газ өңдеу зауыты іске қосылуы тиіс.

Жобаны Exxon Mobil ғана емес, Eni SpA, Shell Plc, TotalEnergies және «ҚазМұнайГаз» бірге игеріп жатыр. Бас кеңсесі Техаста орналасқан корпорацияның Теңіз кен орнында да миноритарлық үлесі бар. Теңіздің бас операторы – Chevron.

Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, Қашағанды одан әрі дамыту жоспары Қазақстандағы басқа да мұнай жобаларымен тығыз байланысты. Мәселен, америкалық компанияның Теңізді игеру лицензиясының мерзімі 2033 жылы аяқталады. Осы жобадағы үлесін ұлғайтқысы келетін Қазақстан оны лицензия мерзімін созумен алмастырғысы келеді.

PSA мәліметінше, Қашағанда 4,5 млрд тонна мұнай қоры бар. Жоба операторы NCOC дерегінше, қазіргі өндіріс күшімен 1-2 млрд тоннаға дейін мұнай өндіруге болады. 

Серіктес жаңалықтары