 
                    Реформалар жиі ескі идеялардың шексіз ребрендингіне айналады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Экономист Руслан Сұлтанов әрбір жаңа үкімет «экономиканы қайта жүктеу», «жаңа индустрияландыру» немесе «әділ реформалар» жүргізуге уәде беретінін атап өтті. Бірақ бірнеше жылдан кейін азаматтар дәл сол сөздерді естиді, тек ұрандар өзгереді, ал проблемалар бұрынғысынша қалады.
СЕБЕП
Оның айтуынша, экономика тірі ағза сияқты және «ауқымды операцияларды» көтермейді. Көптеген реформалар есеп-қисаптағы қателіктерден емес, сенімнің, институттардың және жүйеліліктің болмауынан тоқтап қалады. Әр жаңа цикл нөлден басталған сайын, экономика реформаланбайды, керісінше айналсоқтап қала береді.
СӘТТІ МЫСАЛ
Экономист мысал ретінде Эстонияны келтірді, онда 1991 жылдан кейін реформалар «алдымен сенім инфрақұрылымы» қағидаты бойынша жүргізілген: ашық салық жүйесі, электронды басқару және тұрақты ойын ережелері. Реформалар үкімет ауысқан сайын қайта басталмай, керісінше капитал сияқты жиналып отырған. Соның нәтижесінде 20 жыл ішінде бұл ел посткеңестік кеңістіктегі ең кедей республикалардың бірінен Еуропаның цифрлық көшбасшысына айналды.
– Реформалар оларды жариялаған кезде емес, әдетке айналғанда ғана жұмыс істейді. Экономика – әдемі манифестер туралы емес, ол жүйелілік, бірізділік және әр бес жыл сайын өзгермейтін ережелер туралы. Осысыз, ең ақылды бағдарлама да «соңы жоқ бастамалардың» ұзын тізіміндегі тағы бір реформаға айналады, – деп түсіндірді ол өзінің «Экономикалық ликбез» Telegram-арнасында.
 
            
             
            
            