×
530.07
615.2
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.07
615.2
6.58

Атырау облысында шенеунік өз-өзіне қол жұмсады

Бүгін, 20:10
Атырау облысында шенеунік өз-өзіне қол жұмсады
Ашық дереккөзден

Атырау облысының Құрманғазы ауданында Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 36 жастағы басшысы Қуаныш Мусаұлы Имашев өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛДАН КЕЙІН

Алдын ала мәлімет бойынша, ол отбасындағы жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өзін атып жіберген.

Әріптестерінің айтуынша, марқұм сабырлы, еңбекқор мемлекеттік қызметші болған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, ал отбасы қоштасу рәсіміне дайындалып жатыр.

ПОЛИЦИЯ РАСТАДЫ

Полиция департаменті оқиға фактісін растады: «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аудан әкімдігі әзірге ресми мәлімдеме жасамады. 

Серіктес жаңалықтары