 
                    Шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың саны 156 мыңнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БІРТІНДЕП ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Соңғы жылдары шетелге барып жұмыс істейтін қазақстандықтардың көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. 2023 жылдан бері бұл бағыттағы миграция азайғаны байқалады. Ал биылғы жылдың тоғыз айында 156 мыңнан астам отандасымыз шет мемлекеттерде нәпақасын тауып жүр.
РЕСЕЙ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ, ПОЛЬША
Қазіргі таңда олардың ең көбі Ресейде – шамамен 128 мың адам. Оңтүстік Кореяда 15 мыңға жуық, Польшада 2,6 мың, ал Ұлыбританияда 1,4 мыңдай қазақстандық еңбек етеді.
Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын қорғау үшін үкімет бірқатар елдермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Жұмысшылар қазақстандық зауыт Қытайға сатылып кете ме деп қауіптеніп отырғанын жазған едік.
Жұмысшылар кәсіпорынды әдейі дағдарысқа жеткізіп жатқан болуы мүмкін деп күдіктенеді.
«ПО Көкше-Цемент» ЖШС ұжымы жалақының ұзақ уақыт бойы кешіктірілуі мен жаппай жұмыстан босатуға байланысты мемлекеттік органдарға шағым түсірді, деп жазады Halyqstan. Олардың айтуынша, кәсіпорынның берешегі 144 млн теңгеге жеткен, ал жұмыстан кеткендердің саны 200 адамнан асты.
 
            
             
            
             
            
            