×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Көкшетаудағы колледж жатақханасының әжетханасында студенттің мәйіті табылды

Бүгін, 12:40
Көкшетаудағы колледж жатақханасының әжетханасында студенттің мәйіті табылды
gov.kz

Көкшетаудағы колледждердің бірінің жатақханасынан 16 жастағы студенттің мәйіті табылды. Оқиға бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КОЛЛЕДЖДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Көкшетауда жекеменшік Қазақ гуманитарлық-техникалық жоғары колледжінің жатақханасында 16 жастағы студент өлі күйінде табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін деректі Ақмола облыстық полиция департаменті растады.

Тергеу мәліметінше, жасөспірімнің денесі жатақханадағы әжетханада табылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел тергеу тобы жеткен.

ТЕРГЕУ

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2009 жылы туған жасөспірімнің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Алдын ала деректер бойынша, оқиғада қылмыстық сипат жоқ. Қазір оның өліміне не себеп болғаны мен мән-жайды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, – делінген полицияның хабарламасында.

Басқа мәліметтер әзірше жария етілмеді. 

Ал Ақмола облысы білім басқармасы қайғылы жағдайдың 31 қазанда болғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі жүректің кенеттен тоқтауы болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары