×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Рыбакина жылдың қорытынды турнирін сәтті бастады

Бүгін, 09:48
Рыбакина жылдың қорытынды турнирін сәтті бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол америкалық теннисші Аманда Анисимованы (әлемнің 4-ракеткасы) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты.

Матч бар болғаны 58 минутқа созылды.

Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Серена Уильямс тобына түскен қазақстандық теннисші келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) өткізеді.

Серіктес жаңалықтары