×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Атырауда сегіз жылдан бері жол жөндеу жұмыстары аяқталмай келеді

Бүгін, 14:38
Атырауда сегіз жылдан бері жол жөндеу жұмыстары аяқталмай келеді
24KZ

Атырауда облыс орталығы мен Талғайран ауылының арасындағы небәрі 10 шақырымдық жолды қайта жөндеу жұмыстары сегіз жылдан бері аяқталмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жолдың жөнделуіне байланысты Қайыршақты ауылдық округінің он ауылындағы тұрғындар осы уақытқа дейін айналма жолмен қатынауға мәжбүр. Биыл жазда құрылысшылар жұмысты жандандырғанымен, жол әлі де асфальт төсеуге дайын емес.

Ауыл тұрғындары күн сайын аудан орталығына қатынауда қиындық көріп, мәселені депутаттарға жеткізген. Халық қалаулылары жағдайды өз бақылауына алуға уәде берді.

— 2017 жылы жобалау жұмыстары басталды, ал 2019 жылы жол құрылысы қолға алынды. 2022 жылы жоба түзету үшін жобалау институтына жіберілді. Сол уақыттан бері ол қайта қаралып жатыр. Халықтың бұл жолға байланысты шағымы өте көп, — деді қалалық мәслихат депутаты Юрий Ли.

Мамандардың айтуынша, жобаның кешігуіне бастапқы құжаттағы қателіктер себеп болған. Онда ауылдарға кіреберіс жолдар қарастырылмаған.

Жолды қайта салуға 4,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда сегіз жыл ішінде екі миллиардтан сәл асатын сома ғана игеріліп, жұмыстардың жартысынан азы орындалған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, биыл жыл соңына дейін жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді. Егер рұқсат берілсе, қаржы қайта бөлініп, құрылыс қайта жалғасады.

Серіктес жаңалықтары