×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Журналист Азат Рыстанбек өмірден өтті

Бүгін, 17:31
Журналист Азат Рыстанбек өмірден өтті
Кемелбек Ойшыбаевтың facebook-парақшасынан

Журналист Азат Рыстанбек өмірден өтті. Қаралы хабарды "Хабар" агенттігі басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев естіртті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Азат Рыстанбек кейінгі 2 жылдан аса уақыт “Хабар” арнасында арнайы тілші болып жұмыс істеген.

– Жас әріптесіміздің қазасы қабырғамызды қайыстырды. Өз ісіне өте ұқыпты еді. Жеңістің 85 жылдығына орай сонау Еуропаның бірнеше елін аралап, “Хабардың” контент қоржынына үш бөлімнен тұратын біртұтас деректі фильм салды. “Қарсыласу қозғалысы”, “Петсамо-Киркенес операциясы”, “Жат жұртта қалған жауынгер” деп аталған циклды деректі фильмдерінде екінші Дүниежүзілік соғыстың әлі күнге құпия құжаттарын, айтылмаған ақиқаттарын зерттеп еді. Жалпы, Азат “Хабарға” дейін де, Ұлттық арнада, “31-арнада” жүргенде де осы документалистикаға көп қызығатын, көбірек зерттеуді ұнатушы еді, – деп жазды ол.

Ойшыбаев 2-3 жылда көп ауырып, жиі дәрігерлерге қаралғанын айтты.

– Өкінішке қарай, ғұмыры қысқа болды. Соңғы 2-3 жылда көп ауырып, жиі дәрігерлерге қаралып жүруші еді. Айналдырған ауру алмай қоймады. Әріптесіміздің алдынан жарылқасын! Қазаның арты қайырлы болсын! Азаттың ата-анасына, жақын туыстарына және дос-әріптестеріне көңіл айтамын. Бұл қаза бәрімізге де оңай тимеді. Иманды болсын!, – деп жазды басқарма төрағасы.

Еске салайық, бұған дейін 68 жасында жазушы, журналист және әдебиеттанушы Мақсат Тәж-Мұрат дүниеден өткен еді.

Серіктес жаңалықтары