×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Қазақстан билігі белорус блогердің конкурсына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 08:01
Қазақстан билігі белорус блогердің конкурсына байланысты ескерту жасады
Видео кадры

Қазақстан билігі онлайн-казиноға тыйым салынғаны еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, көптеген қазақстандықтар белорус блогердің назарын аудару және пәтер ұтып алу мүмкіндігі үшін түрлі арандатушылық тапсырмаларды орындай бастаған.

- Соңғы уақытта қазақстандықтар арасында белорус блогері Mellstroy ұйымдастырған байқауға қызығушылық артып келеді, ол өз роликтерінде Mellstroy game атты онлайн-казиносын атауға шақырады. Ел тұрғындары блогердің назарын аудару үшін провокациялық және хайп әрекеттерге барып жатыр. Қазақстандықтарға ескерту жасаймыз: құмар ойын – бұл тұзақ, күмәнді акцияларға ермеңіздер және онлайн-казиноны жарнамалағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін екенін есте сақтаңыздар, – деп атап өтті ведомство.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін астаналық тұрғын блогердің назарын аудару үшін сауда орталығында іш киіммен плакат ұстап жүгірген, сол үшін ол 15 тәулікке қамауға алынған.
Ал тағы бір қазақстандық Сейфулла Серікұлы пәтер ұтып алу үшін аты-жөнін Mellstroy.game деп ресми түрде өзгерткен.

Серіктес жаңалықтары