×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Комитеттің экс-қызметкері Көлбаевпен түскені үшін басы бәлеге қалды

Бүгін, 11:10
Комитеттің экс-қызметкері Көлбаевпен түскені үшін басы бәлеге қалды
Ашық дереккөзден

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кенеш депутаттығына үміткер болып тіркелуге өтініш берген Ильяс Амангазиевке тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Хабарламада тіркеуден бас тартуға үміткердің ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы себеп болғаны айтылған. Қырғызстан ІІМ Қылмыстық іздестіру бас басқармасының анықтамасына сәйкес, Ильяс Амангазиевтің қылмыстық беделге ие Камчы Көлбаевпен бірге түскен суреті ұсынылған.

АМАНГИЗИЕВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Ильяс Амангазиев – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері. 24.kg мәліметінше, ол бұған дейін, 2020 жылы, «Ордо» партиясынан парламентке сайлануға талпыныс жасаған. Сондай-ақ ол үйінің ауласында мас күйінде шу шығарып, қоршаудан асып түсіп, балалардың үрлемелі бассейнінде шомылғаны үшін белгілі болған. Оқиғадан кейін ол жұмыстан босатылған.

Бұдан бөлек, ол Кой-Таш ауылында экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде оның үйінде жүргені байқалған.

ҚАМШЫ КӨЛБАЕВ ДЕГЕН КІМ

Қамшы Көлбаев (Қамшы Асанбек) Қырғызстандағы қылмыс әлемінің беделді тұлғаларының бірі болған. Ол Ыстықкөл облысында дүниеге келген және “Коля-қырғыз” лақап атымен танымал. 2011 жылдың маусым айында АҚШ үкіметі оны халықаралық есірткі саудасының негізгі фигураларының бірі ретінде ресми түрде мойындады. 2023 жылдың 4 қазанында Бішкек қаласында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) жүргізген арнайы операция барысында Қамшы Көлбаев қаза тапты. Операция кезінде ол қарулы қарсылық көрсеткендіктен, арнайы жасақ күштері оны атып өлтірді. 

Серіктес жаңалықтары