АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Қытайды қоса алғанда, бірқатар елдер жер астында ядролық қаруды сынақтан өткізіп, бұл туралы қоғамды хабардар етпей отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол АҚШ-тың мұндай сынақтар өткізбейтін жекелеген мемлекет болып қалуын қаламайтынын айтып, дәл осындай әрекеттерді Солтүстік Корея мен Пәкістан да жүзеге асырып жатқанын атап өтті, деп жазады DW.
Трамптың айтуынша, АҚШ та басқа елдер сияқты «ядролық қаруды сынақтан өткізуді» жоспарлап отыр. Бұл — соңғы толық ауқымды жарылыстардан кейінгі 30 жылдан астам уақыттан соң ядролық сынақтарды қайта бастауға негіз болуы мүмкін.
Президент Солтүстік Кореядан басқа бірде-бір ядролық держава соңғы ондаған жылдарда ашық сынақ жүргізбегенін атап өтті. Трамптың пікірінше, қазіргі сынақтар қатаң құпия жағдайда өтуде.
Ол қоғам жер астындағы сынақтардың нақты орналасқан жерін білмейтінін, тек әлсіз дірілді ғана сезетінін, бірақ шын мәнінде не болып жатқанынан хабарсыз екенін айтты.