×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

«Газпром» Еуропаға газ жеткізуді 45% қысқартты

Бүгін, 21:25
«Газпром»  Еуропаға газ жеткізуді 45% қысқартты
Ашық дереккөзден

2025 жылдың алғашқы он айында ресейлік «Газпром» концерні Еуропаға небәрі 14,7 миллиард текше метр газ жеткізді. Бұл көрсеткіш «Түрік ағыны» құбырының тәуліктік статистикасына сүйенген Reuters агенттігінің есебінде келтірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОҢҒЫ БАҒЫТ

Аталған құбыр — Еуропаға ресейлік газ тасымалдайтын соңғы жұмыс істеп тұрған бағыт. Жыл соңына дейін бұл көлем 16 миллиард текше метрден аспайды деп болжануда — бұл «Түрік ағынының» еуропалық тармағының шекті қуаты.

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (26,6 млрд текше метр), экспорт көлемі 45%-ға төмендеген. Бұған Украина арқылы транзиттік келісімнің тоқтатылуы себеп — сол арқылы Еуропа елдері 2024 жылдың алғашқы он айында 12,9 млрд текше метр ресейлік газ алған болатын.

Сонымен қатар, ENTSOG (Еуропалық газ тасымалдау жүйелері операторларының желісі) сайтында 1 қарашада жарияланған деректерге сәйкес, 2025 жылдың қазанында «Түрік ағыны» арқылы Еуропаға жеткізілген газ көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 8,7%-ға, ал 2024 жылдың қазанымен салыстырғанда 13%-ға артқан. Жалпы алғанда, жыл басынан бері бұл бағытпен жеткізілген газ көлемі өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

ШЫҒЫНЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

«Газпром» ірі қаржылық шығынға ұшырауда: 2023 жылы компания халықаралық қаржылық есеп стандарттары бойынша 629 млрд рубль жоғалтқан. Ал 2024 жылы 1,2 трлн рубль пайда туралы есеп бергенімен, негізгі газ бизнесі 1 трлн рубль таза шығын әкелген.

Компанияның өз есебіне сәйкес, 2025–2034 жылдар аралығында экспорт мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты «Газпром» 15 трлн рубльге дейін шығынға ұшырауы мүмкін.

Еуроодақ 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін ресейлік газдан толықтай бас тартуды жоспарлап отыр. Ал Ресейден келетін сұйытылған табиғи газдан (СПГ) Еуропа 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бас тартпақ.

Серіктес жаңалықтары