×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

40 миллион теңге айыппұл - заңсыз лоторея ойнатқан блогерлер жазаланды

03.11.2025, 21:55
40 миллион теңге айыппұл - заңсыз лоторея ойнатқан блогерлер жазаланды
Ulysmedia коллажы

Олар шамамен 40 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда биыл заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғаны үшін 89 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген — министрлікке қарасты құмар ойындар мен лотереяны реттеу комитеті. Нәтижесінде 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 50 АЕК-тен (196 мың теңге) 200 АЕК-ке дейін (786 мың теңге) айыппұл салынған.

Егер құқық бұзушы хаттама шешімімен келіссе — айыппұлды төлейді, ал келіспеген жағдайда іс сотқа жолданады.

Министрлік заңсыз ұтыс ойындарын әлеуметтік желілерде ұйымдастырған аккаунттар тізімін ұсынды.

Олардың қатарында миллиондаған оқырманы бар блогерлер, коммерциялық парақшалар және арнайы ұтыс ойындары үшін ашылған аккаунттар бар.

Ведомство еске салды: лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея ұйымдастыруы — жеке тұлғалар үшін 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері (ЖК) үшін 300 АЕК көлемінде айыппұлмен жазаланады. Егер бір жыл ішінде әкімшілік жаза салынғаннан кейін лотерея қайта өткізілсе — жеке тұлғаларға 200 АЕК, ал ЖК-ға 750 АЕК айыппұл салынады және құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.

Блогерлердің тізімін мына сілтеме арқылы өтіп көруге болады. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогер Жанәбіловтерге қатысты тергеудің қай сатыда екенін айтқан еді. 

Серіктес жаңалықтары