×
528.31
608.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.31
608.35
6.55

Мәсімовтен тәркіленген қылыш сатылды, ал қымбат сағаттар мен әшекейлер өтпей тұр

Мәсімовтен тәркіленген қылыш сатылды, ал қымбат сағаттар мен әшекейлер өтпей тұр
Ulysmedia.kz коллажы

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Кәрім Мәсімовтің мемлекетке өткен зергерлік бұйымдары мен қымбат сағаттарды қайтадан аукционға қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Саудаға Patek Philippe, Franck Muller, Harry Winston, Van Cleef & Arpels, DE BEERS және Yana Jewellery секілді әлемге танымал брендтердің әшекейлері мен аксессуарлары шығарылған. Сонымен қатар, коллекциялық тиындар, қылыш және ұлттық өрнегі бар белдік те ерекше бұйым ретінде ұсынылды.

ҚЫЛЫШ

Аукционда 42 бұйымның тек біреуі ғана сатылды. “Қыны бар жапон қылышын” белгісіз сатып алушы 542 719 теңгеге алған. Қылыш болаттан соғылған, сабы өрнекпен безендірілген. Бұл зат та Мәсімовтің үйінен тәркіленген мүлік тізімінде бар.

САТЫЛМАЙ ҚАЛҒАН ЗАТТАР

Ең қымбат бұйымдарға сатып алушы табылмады. 150 миллион теңге тұратын Ulysse Nardin Classic 789-80 сағатына ешкім өтінім бермеген. Бұл үлгінің әлем бойынша небәрі 30 данасы ғана бар. ҚАБК бұл сағатты 2024 жылдың қазан айынан бері сатуға тырысып келеді. Ол кезде бастапқы бағасы 214 миллион теңге болған.

Сондай-ақ DE BEERS маркалы 6 караттық екі гауһар тасы бар сырға (110 млн теңге), гауһармен безендірілген зергерлік жиынтық (59 млн), Van Cleef & Arpels тізбегі (38 млн), Bovet Fleurier Grand Complications қалта сағаты (20 млн) және Harry Winston Ocean Tourbillon қол сағаты (10 млн) да өтпей қалды.

Сауда нәтижесіз аяқталды. 

КОНТЕКСТ 

Бұған дейін ҰҚК-нің сотталған бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім сарай аукцион арқылы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылған еді. Бірақ қатысушылардың болмауына байланысты сауда үш рет өтпей қалған. 

Кейін зәулім үй қаржы министрлігінің бұйрығымен оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне берілді.

Серіктес жаңалықтары