×
528.31
608.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
528.31
608.35
6.55

Бизнеске соққы: Қазақстанда іскерлік климат күрт нашарлады

Бүгін, 22:40
Бизнеске соққы: Қазақстанда іскерлік климат күрт нашарлады
Ulysmedia коллажы

Бұл — Ұлттық банктің ресми есебінен алынған деректер, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылдың қазан айында Қазақстандағы бизнес-климат индексі қыркүйектегі 10,1-ден 7,1-ге дейін төмендеді. Бұл болашақтағы бизнес жүргізу жағдайларының нашарлағанын білдіреді, деп хабарлады Ұлттық банк.

– Жалпы көрсеткіштер оң бағалануда, сондықтан бизнес-циклдің «сағат» индикаторы өсім аймағында сақталып тұр. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдері мен қызметтеріне деген сұраныс қарқыны өзгермеген, алайда кен өндіру саласында айтарлықтай баяулау байқалды, – деді ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин.

Қазан айында іскерлік белсенділік индексі 50,9-дан 50,6-ға төмендеді. Кен өндіру саласында бұл көрсеткіш 49,4-тен 48,5-ке дейін құлдырады. Ал өндіріс саласында керісінше, өсім тіркелді — 52,9-дан 53-ке дейін.

Тамызда елдегі бизнес-климат индексі 11,9, ал іскерлік белсенділік индексі 51 болған. Ең үлкен өсім өндіріс саласында байқалған. Қыркүйекте де сұраныс ең жоғары деңгейде өндірісте тіркелді, бірақ бизнес қорғау, салық жүктемесі және қаржыға қолжетімділік бойынша бағалар сәл нашарлаған.

Серіктес жаңалықтары