×
522.49
601.07
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
601.07
6.47

«Бізге қазақстандық тәжірибе қажет»: әзербайжандық маман тарихты реформалау туралы

Бүгін, 08:00
«Бізге қазақстандық тәжірибе қажет»: әзербайжандық маман тарихты реформалау туралы
minval.az

Әзербайжандық тарихшы Ризван Гусейнов елге тарихи ғылымды дамытуда Қазақстанның тәжірибесін үлгі ету маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Minval.az сайтына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, Қазақстан архивтермен, көне карталармен және дереккөздермен жұмыс істеудің мықты жүйесін құрған. Сондай-ақ, нақты нәтижелер көрсетуге міндетті және гранттар алатын жеке зерттеу топтары бар.

Гусейновтың пікірінше, әзербайжандық ғалымдар да тарихи құжаттармен белсенді жұмыс істеп, көне тілдерді меңгеріп, шетелде жиі жариялануы қажет. Ол Қазақстан көптеген көне карталар архивін жинағанын, олардың арасында Әзербайжанның тарихи аумақтарын дәлелдейтін материалдар бар екенін атап өтті.

– Онда пәнаралық ғалымдар топтары нақты зерттеулерге грант алып, нәтижесін ұсынуға міндетті. Бұл – жалақыны формалды түрде алу емес, нақты ғылыми өнім қаржыландырылатын жүйе. Мұндай тәсіл бізге де басым бағыттағы зерттеулерді ілгерілетуге, шетелдік мамандарды тартуға және әзербайжандық тарихнаманың тұжырымдамалық негіздерін күшейтуге мүмкіндік берер еді, – деді Гусейнов.

Оның пікірінше, осындай реформа Әзербайжанға халықаралық ғылыми ортада өз орнын нығайтуға және елдің тарихи мүдделерін неғұрлым тиімді қорғауға көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары