×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Ақтөбе әуежайында жанжал шығарған жолаушы қамауға алынды

09.02.2022, 10:04
Ақтөбе әуежайында жанжал шығарған жолаушы қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе халықаралық әуежайында жанжал шығарған жолаушы қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz inaktau сайтына сілтеме жасап.

Тексеру қызметі инспекторының cөзінше, Ақтөбе-Ақтау бағытындағы рейске тексеру жүргізу барысында жолаушы өзін дөрекі ұстаған.

Ол Ақтаудың 46 жастағы тұрғыны болып шықты. Ақтау тұрғыны полиция қызметкерінің әкімшілік хаттама толтыру үшін бөлімге бару туралы талабына әдейі бағынбаған.

"Құқықбұзушыға қатысты бірден үш бап бойынша хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы ("Спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу"), ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау"). Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды үш тәулікке қамауға алды", - деді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.