×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Солтүстік Корея Ресейге тағы да сарбаз жіберді

Бүгін, 12:12
Солтүстік Корея Ресейге тағы да сарбаз жіберді
Фото: Dw.com

Солтүстік Корея Ресейге тағы да сарбаз жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Оңтүстік Кореяның «Ренхап» агенттігінің жазуынша, Солтүстік Корея Ресейге 5 мың әскери құрылысшы мен 1 мың сапер жіберген. Олар соғыстан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіреді және былтыр тамыздан бастап, биылғы көктемге дейін соғыс болған Ресейдің Курск облысын минадан тазартады.

Агенттік бұл деректерді парламент депутаттарына сілтеме жасап жазды. Оңтүстік Корея барлау қызметі депутаттарға жабық брифинг өткізген. Сонда осы деректермен бөліскен.

Контекст

Бұған дейін Ресейдің Курск облысында Украина әскеріне қарсы Солтүстік Корея сарбаздары қатысқаны туралы айтылған. АҚШ барлау қызметі соғысқа он мың солтүстіккореялық сарбаз қатысқанын хабарлаған. Олардың бірнеше мыңы соғыста қаза болған деп айтылады.

2025 жылы сәуірде Владимир Путин Солтүстік Корея әскеріне алғыс айтқан. Кореяның орталық телеграф агенттігі де солтүстіккореялықтардың Ресейдегі шайқастарға қатысқанын растаған.

2025 жылы маусымда ТАСС агенттігі Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Пхеньяндағы келіссөзі нәтижесінде Ресейге мың сапер мен 5 мың әскери құрылысшы жіберілетінін хабарлаған. Олардың Курск облысын қалпына келтіретіні айтылды.

Дегенмен АҚШ барлау қызметінің мәліметінше, Ресейдің шекаралық облыстарында жаңа барғандардан бөлек, шамамен он мың солтүстіккореялық сарбаз әлі де бар. Олардың кейінгі айларда шайқастарға қатысқаны туралы мәлімет жоқ.

Серіктес жаңалықтары