×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Сенатор Жанна Асанова «тоқал институтына» қарсы шықты

Сенатор Жанна Асанова «тоқал институтына» қарсы шықты
Фото: parlam.kz

Сенат депутаты Жанна Асанова елде көп әйел алушылықты заңдастыру туралы ұсынысқа өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, неке институты Конституцияда нақты бекітілген, сондықтан оны қайта қараудың қажеті жоқ.

- Бізде неке институты заңмен реттелген. Барлығы Конституцияда анық жазылған. Мен некедегі қарым-қатынастың зайырлы болғанын қолдаймын, – деді сенатор.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елде көп әйел алушылық фактісі де-факто бар екенін айтып, оны заңдастыру әйелдердің құқығын қорғауға мүмкіндік береді деген ұсыныс айтқан болатын.

Алайда сенатор Асанова бұл бастаманы қолдамайтынын, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін және неке тек бір ер мен бір әйелдің одағы ретінде сақталуы тиіс екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары