«Орталық Азия – АҚШ» саммитінің кезекті отырысы Ресейде елеулі алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресей ғылым академиясының сарапшыларының пікірінше, Вашингтонда өтетін бұл саммиттің басты мақсаты – Орталық Азия елдерін жаһандық қарсыластыққа тарту.
Мәскеуде бұл кездесудің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қарсы бағытталған арнайы күн тәртібі бар деп есептейді.
– АҚШ Қорғаныс министрлігі Орталық Азия елдерінде шекара қауіпсіздігін күшейтуге арналған бағдарламаларды қаржыландырып, гранттар бөліп отыр. Сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанға терроризмге қарсы шаралар үшін қаржы бөлінеді. Мұның бәрі іс жүзінде ҰҚШҰ-ның ықпалын әлсіретуге бағытталған, – деді Ресей Ғылым академиясының Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері Анна Великая, деп жазады islamnews.ru.
САММИТ
Бүгін Уашиңтонда Орталық Азия елдерінің басшылары жиналып жатыр. Бірнеше сағаттан кейін «Орталық Азия – АҚШ» саммиті басталады. Дональд Трамппен кездесетіндердің қатарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.
Кездесуде не талқыланбақ? Жаңа ірі келісімдер бола ма? АҚШ-тың өңірдегі нақты мүддесі қандай? Бұл сұрақтарға саясаттанушы Досым Сәтпаев жауап берді.