×
524.94
602.79
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.94
602.79
6.45

Екі күйеуге рұқсат берсін - Баян Алагөзова

Бүгін, 21:40
Екі күйеуге рұқсат берсін - Баян Алагөзова
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның көпәйелілікті заңдастыру туралы даулы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕКІ ӘЙЕЛ МЕН ЕКІ КҮЙЕУ

Бұл туралы Алагөзова өзінің Instagram парақшасында парақшасында жазды. 

«Жауап ретінде екі күйеуге рұқсат беруді ұсынамын! Неге болмасын? Еркектерге болады да, әйелдерге болмай ма? Бізде зайырлы мемлекет заңы бойынша теңдік бар! Билік өкілдері шариғат заңымен өмір сүруді ұсынғанда, бұл қалай болғаны?» — деп жазды stories бөлімінде.

Алагөзова елде заңмен бекітілген гендерлік теңдік қағидаты бар екенін еске салып, діни нормаларға сүйенген ұсыныстардың орындығына күмән келтірді. Оның жазбасы әлеуметтік желілерде тез таралып, қызу талқылауға ұласты. Пікір білдірушілер түрліше реакция танытты.

Желі қолданушылары:

  • «Екінші әйел — қосымша шығын, екінші күйеу — қосымша табыс» — деп жазды.

Кейбір қолданушылар продюсердің бастамасын «қос стандарттарға жауап» деп бағаласа, енді бірі оны әзіл ретінде қабылдады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан заң бойынша екінші әйел алуға рұқсат беруді қарастыру керегін айтқан. 

Құспанның сөзінше, оны әуелі қоғам талқысына салу қажет. Әрі қарай заңгерлер механизмін шығарады. 

Серіктес жаңалықтары