×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Америкалық компания Қазақстанда вольфрам өндіретін болады

Бүгін, 14:04
Америкалық компания Қазақстанда вольфрам өндіретін болады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда ірі вольфрам кен орнын игеру жөніндегі жобаға америкалық Cove Capital инвестициялық-тау-кен компаниясы мен мемлекеттік «Tau-Ken Samruk» АҚ қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ынтымақтастық туралы келісім

Бұл келісім – Вашингтон мен Астана арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтуға бағытталған бірқатар уағдаластықтардың бөлігі, деп жазады Reuters.

Вольфрам және АҚШ үшін маңызы

Вольфрам – болатты шынықтыру мен түрлі өндірістік мақсаттарда қолданылатын металл. Ол АҚШ үшін стратегиялық маңызды минерал саналады. Америкалық компаниялар бұл металды 2015 жылдан бері өндірмейді, ал оның ең ірі өндірушісі – Қытай. Қазақстандық жобалардан алынған металл негізінен АҚШ үкіметі мен америкалық өнеркәсіптің қажеттіліктеріне жұмсалмақ.

“Бұл – АҚШ үшін жеңіс”

Cove Capital компаниясының бас директоры Пини Альтхаус бұл келісімді «АҚШ пен оның маңызды минералдар бойынша қажеттіліктері үшін үлкен жеңіс» деп атады.
Бұған дейін USA Rare Earth компаниясын басқарған Альтхаустың айтуынша, келіссөздерге Дональд Трамп пен АҚШ-тың сауда министрі Говард Лутник тікелей қатысқан. Олар қытайлық компаниялардың бұл кен орнын игеруіне жол бермеуді мақсат еткен.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау болса, бұл өңірдің АҚШ тұрғысынан бұрын аз зерттелгенін атап өтті.

Қашан іске қосылады

Жоба аясында кен шахтасының құрылысы екі жыл ішінде басталады, ал өндіру жұмыстары үш жарым жылдан кейін қолға алынбақ. Металлды өңдеу де Қазақстан аумағында жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары