Оқиға Казправда мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, ғимараттың құлағаны туралы хабар 7 қараша күні сағат 17:04-те түскен
Оқиға орнына жедел жәрдем мен апат медицинасы орталығының бригадалары жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің бірі үйінді астында қалып қойған, ал орташа ауыр жарақат алған тағы екі ер адам Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Павлодар облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті ғимараттың құлағанын растады. Құлаған нысан қандай құрылыс болғаны және төтенше жағдайдың қандай жағдайда орын алғаны әзірге белгісіз.