×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

НАТО-ға қарсы соғыс: Ресейдің ядролық күштері сақадай сай

Бүгін, 20:40
НАТО-ға қарсы соғыс: Ресейдің ядролық күштері сақадай сай
Ашық дереккөзден

Егер Мәскеу қарулануын жалғастыра берсе, онда 2029 жылға қарай НАТО-ға ауқымды шабуыл жасауға қабілетті болады, деп есептейді Германияның генерал-лейтенанты Александер Золльфранк. Алайда ол шағын шабуылдарды Ресей қазірдің өзінде жүзеге асыра алады деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бундесвердің операциялық қолбасшылығын басқаратын Золльфранктың айтуынша, Ресей кез келген сәтте НАТО елдеріне шектеулі көлемде шабуыл жасай алады.

«Ресейдің қазіргі мүмкіндіктерін және оларды қалай пайдалана алатынын ескеру қажет. Осыған сүйенсек, Ресей ертең-ақ НАТО аумағына шағын шабуыл жасай алады», — деді ол 7 қарашада Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Генерал бұл шабуылды «аймақтық деңгейдегі шағын, жылдам шабуылдар» деп сипаттады: «Ауқымды ештеңе емес — Ресей Украинадағы соғыспен тым бос емес». Егер Мәскеу қарулануын жалғастырса, Золльфранк 2029 жылға қарай ірі шабуылдың да мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бірақ оның пікірінше, бұл Батыстың ұстанымы мен әрекетіне тікелей байланысты болады.

Бундесвердің операциялық қолбасшылығының басшысы Ресейдің гибридті шабуылдары НАТО-ны арандату және оның әрекет ету жылдамдығын сынау мақсатында жасалатынын айтты. Бұл шабуылдардың ерекшелігі — оларды нақты классификациялау қиын.

«Бұл — әдіс. Оның мақсаты — сенімсіздік туғызу, үрей тудыру, зиян келтіру, тыңшылық жасау, сынау. Бұл — қорқыту арқылы соғыс жүргізу», — деді Золльфранк.

Генерал өз ұстанымын Ресей армиясының әлеуетімен негіздеді. Оның бағалауынша, Украинадағы соғыс кезінде шығындарға қарамастан, Ресейдің әскери-әуе күштері соғыс қабілетін сақтап отыр, ал ядролық және зымырандық күштер негізінен пайдаланылмаған күйінде қалуда. Құрлықтағы күштер шығынға ұшырағанымен, РФ-ның жауынгерлік танктерінің саны соншалықты көп, тіпті қазірдің өзінде шектеулі шабуыл жасауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, Ресей әскер санын 1,5 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Золльфранк Мәскеу соңғы 20 жыл бойы Еуропадағы қауіпсіздік архитектурасын өзгертуге бағытталған стратегиялық саясат жүргізіп келе жатқанын және Украинадағы үлкен шығындарға қарамастан, бұл бағыттан таймағанын атап өтті. Генералдың пікірінше, НАТО бұған тек «нақты қызыл сызықтар» орнату және жақсы дайындық арқылы қарсы тұра алады.

Серіктес жаңалықтары