×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

1 пайызбен ипотеканы қалай алуға болады

Бүгін, 21:10
1 пайызбен ипотеканы қалай алуға болады
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда «Дипломмен ауылға» атты 1 пайыздық ипотекалық бағдарламаға қатысу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіптік кешен, мәдениет, спорт салаларының мамандары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер (әкімдер мен олардың орынбасарларын қоспағанда) қатыса алады.

Өтінімдер онлайн түрде Baspana Market платформасы арқылы қабылданады. Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, өтінімді толтырып, нәтижесін күту қажет.

БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ:

  • Біржолғы төлем — 100 АЕК (2025 жылы бұл 393 200 теңге);
  • Жылдық 1% мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу немесе салуға арналған жеңілдетілген несие;
  • Несие сомасы — өңір мен елді мекенге байланысты 2 500 АЕК-ке дейін (9 830 000 теңге);
  • Несие мерзімі — 15 жылға дейін.

ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

  • Техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы;
  • Несие алған маман өз өңіріндегі ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымға мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті;
  • Бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

Серіктес жаңалықтары