×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Астанада тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті: бес адам зардап шекті

Бүгін, 14:45
Астанада тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті: бес адам зардап шекті
Facebook / Ақмарал Әлназарова

Астанада тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін, 8 қарашада Астананың Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы 24Б мекенжайы бойынша тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінде орналасқан кондиционер қондырғысы мен сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып түсті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылардың келуі бойынша, бірінші қабаттағы дүкеннің кіреберісінде 150 шаршы метр аумақта қаптама мен кондиционер қондырғысы құлағаны анықталды.

– Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қасбеттің одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды,  – делінген хабарламада.

Оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары