×
$
457.09
€
508.42
₽
5.67
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.09
€
508.42
₽
5.67

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

08.11.2025, 15:20
Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті
Primeminster.kz

Алматының орталығында жол талғамайтын көлік қозғалысты реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 қараша күні сағат 15:10 шамасында Желтоқсан және Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған.

– Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Желтоқсан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылған сәтте жолдың жүріс бөлігінде және қозғалысты қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды, – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.