×
510.43
594.86
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.43
594.86
6.49

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

09.11.2025, 09:45
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Метеорологтардың мәліметінше, 9 қараша күні Атырау және Алматыда ауа сапасы нашарлайды.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.
Серіктес жаңалықтары