×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Роскомнадзорға Ресей аумағында интернетті өшіруге құқық берілді

Бүгін, 10:14
Роскомнадзорға Ресей аумағында интернетті өшіруге құқық берілді
Ulysmedia коллажы

Ресей үкіметі Роскомнадзор мен Цифрлық даму министрлігіне елдегі интернетті толық бақылауға мүмкіндік беретін қаулыны бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжат үкіметтің ресми сайтында жарияланып, 2026 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді. Ол 2032 жылға дейін қолданыста болады.

Қаулыға сәйкес, аталған ведомстволар ФСБ-мен бірлесіп «қатерлерді анықтап», қажет болған жағдайда «рунетті оқшаулай» алады. Бұл билікке ел ішіндегі интернет-трафикті өшіруге немесе басқа бағытқа бұруға техникалық мүмкіндік берілетінін білдіреді.

КОНТЕКСТ

Құжатта мұндай шаралар апаттар, желі жүктемесінің шамадан тыс артуы, стратегиялық маңызды нысандардағы ақаулар, сондай-ақ кибершабуылдар немесе тыйым салынған ресурстарға қол жеткізу әрекеттері кезінде қолданылатыны көрсетілген.

Интернет трафигін оқшаулау процесі интернет-провайдерлер арқылы, Роскомнадзор мен ФСБ бақылауында жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары