×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Қырғызстандағы сайлау: 200-ге жуық әйел өз кандидатурасын ұсынды

Бүгін, 13:20
Қырғызстандағы сайлау: 200-ге жуық әйел өз кандидатурасын ұсынды
Pixabay.com

Қырғызстанның Орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясы парламент депутаттығына кандидаттарды тіркеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жалпы тізімге 467 адам енді: олардың 276-сы – ер адам, 191-і – әйел.

Ең көп үміткер №19 (Сокулук) сайлау округінен тіркелген — барлығы 25 адам.

Екінші орында №27 (Чолпон-Ата) округі — 24 кандидат.

Одан кейін №8 (Гүлчө) және №9 (Өзгөн) округтері келеді — әрқайсысында 21 үміткерден. Ең аз қатысушы тіркелген округ — №11, онда небәрі 5 адам бар.

Еске салайық, Жогорку Кенешке мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауы 2025 жылғы 30 қарашада өтеді. Жаңа заңға сәйкес, 90 депутат 30 көпмандатты округтен сайланбақ.

Серіктес жаңалықтары