Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Онлайн таблодағы мәліметке сәйкес, Өскемен, Қызылорда және Атыраудан келетін ішкі рейстер кешіккен.
Air Astana компаниясы да бірнеше рейстің кешіктірілгенін хабарлады. Компания Астанадан ұшатын рейстердің ауа райына байланысты кейінге қалдырылып жатқанын мәлімдеді.
Жолаушылар әуежайға шығар алдында әуе компаниясының ресми сайтындағы рейс туралы ақпаратты оқып алғаны жөн.