2025 жылғы 4 қарашадағы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Атап айтқанда, психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары (аурулары) бар адамдарға қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жолдама берілмейтін медициналық қарсы көрсетілімдер тізімі жаңа редакцияда бекітілді.
Жаңа тізімге енгізілген аурулар:
Аталған бұйрық 2025 жылғы 21 қарашадан бастап күшіне енеді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе қаласында бес бала үндеу жасап көмек сұраған болатын. Сол сәтте бір үйдің бес баласы Ақтөбе қаласындағы “Аяла” балалар орталығында тұрып жатқан еді. Себебі олардың сөзінше, аналарын туысқан апалары жындыханаға мәжбүрлеп апарып тастаған.
23 қазанда бес баланың анасына қатысты сараптама нәтижесі шықты.