×
523.58
605.36
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
605.36
6.45

Диверсия үшін енді жасөспірімдер де сотталады

Бүгін, 21:10
Диверсия үшін енді жасөспірімдер де сотталады
Ашық дереккөзден

Ресейде диверсия үшін жаза күшейтілді: енді 14 жастан бастап жауапқа тартылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылғы 11 қарашада Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы диверсиялық әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік жасын 16-дан 14 жасқа дейін төмендететін заңды қабылдады. Бұл заң жобасына барлық фракциялардан 419 депутат қол қойған — бұл бір заң жобасына қойылған қол саны бойынша рекорд деп мәлімдеді Дума төрағасының орынбасары Ирина Яровая.

Жаңа заң тек жас шектеуімен ғана емес, жазалау тәртібімен де ерекшеленеді:

  • Кәмелетке толмағандарды террористік немесе диверсиялық әрекетке тартқандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
  • Диверсиялық сипаттағы барлық қылмыстар бойынша мерзімдік шектеулер (срок давности) алынып тасталды
  • Диверсиялық топ мүшелеріне шартты жаза тағайындауға тыйым салынды
  • Сотталғандар жазаның кемінде 3/4 бөлігін өтемей шартты түрде босатуға өтініш бере алмайды

Заң жобасы 2025 жылғы 20 қазанда ұсынылған. Бұл өзгерістер Украинадағы соғыс басталғаннан кейінгі жағдайлармен байланысты. «Север.Реалии» жобасының дерегінше, диверсия үшін сотталған әр төртінші адам — жасөспірім. 2025 жылдың алғашқы алты айында кемінде 42 жасөспірім терроризм және диверсия баптары бойынша ұсталған, алайда бұл сан нақты емес кейбір дереккөздерде «жасөспірімдер тобы» деп көрсетілгенімен, нақты саны аталмаған.

Серіктес жаңалықтары