×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

ЛГБТ-ны насихаттаумен айналысқандар қалай жазаланады

Бүгін, 14:29
ЛГБТ-ны насихаттаумен айналысқандар қалай жазаланады
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда заңсыз контентті, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасында дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттайтын материалдарды таратқандарға айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамау жазасы белгіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Парламент кулуарында өткен отырыс кезінде «Архив ісі және заңсыз контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған кезде мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

- Заңға заңсыз контент ұғымы енгізіледі. Ол бұған дейін де БМФ-платформалар туралы заңда бар. Мұндай контентті таратқандарға жаза қолданылады. Алғашқы жағдайда – 20 айлық есептік көрсеткіш, қайталанса – 40 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке дейін бостандықты шектеу қарастырылған, – деді Кочетов.

Министрлік бұл шаралар контент кәмелетке толмағандарға бағытталған жағдайда ғана қолданылатынын нақтылады.

- Егер әңгіме 18+ санатындағы фильмдер немесе материалдар туралы болса және олар тек ересектерге көрсетілсе, ешқандай шектеу болмайды. Бірақ егер ондай мазмұн кәмелетке толмағандарға насихат түрінде берілсе, ол контент бұғатталады, – деді вице-министр.

Сонымен қатар, мәдениет және ақпарат министрлігі 18+ санатындағы фильмдерге ата-анасының қатысуынсыз кірген балалар үшін ата-аналарға айыппұл салынбайтынын да нақтылады.

Бүгін Мәжіліс Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары