×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

Сербия президенті елді қаруландыруға шақырды

Бүгін, 20:10
Сербия президенті елді қаруландыруға шақырды
Ашық дереккөзден

Сербия президенті Александр Вучичтің айтуынша, Еуропадағы барлық мемлекеттер Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр. Бұл туралы ол 11 қараша күні Pink телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вучич бұл туралы журналистің Франция Қарулы күштері Бас штабының бастығы Фабьен Мандонның сөзіне пікір білдіруін сұрағанда айтқан.

«Фактілерді талдай келе, Еуропа мен Ресей арасындағы соғыс барған сайын айқын көрініс табуда. Бұл бос сөз емес. Барлығы соған дайындалып жатыр. Мұны өте жауапты генерал айтты», – деді Сербия президенті. 

Оның сөзінше, қазіргі геосаяси жағдайда Сербия «балға мен төс арасында» қалып отыр. Сондықтан ел «аздап шетке тартуы» керек.

«Сонымен қатар біз армияны нығайтуды жалғастыруымыз қажет. Ақылмен қаруланып жатырмыз. Ел қорғанысына ірі қаражат салуды жалғастыру керек», – деді Вучич.

ГЕНЕРАЛ МАНДОН НЕ ДЕДІ

Осыған ұқсас пікірді 1 қыркүйектен бастап Франция Бас штабын басқарып отырған Фабьен Мандон да айтқан.

«Франция армиясына қойған бірінші міндетім – үш-төрт жылдан кейінгі қақтығысқа дайын болу», – деп мәлімдеді. Le Monde газетінің жазуынша, генерал.

Мандонның айтуынша, Мәскеу «Еуропаның ұжымдық әлсіздігі» туралы әсерге ие. Сонымен қатар Ресейдің «күш қолданудағы еркіндігі» байқалады. Дегенмен, Еуропа Ресейден экономикалық, демографиялық және өнеркәсіптік тұрғыдан басым.

«Сондықтан өз-өзіне сенімді болуға барлық негіз бар», – деді ол.

Бұған дейін Франция Қарулы күштер министрі Катрин Вотрен 2026 жылғы әскери бюджет 57,1 млрд еуроға дейін өсетінін мәлімдеген. Бұл – елдің ЖІӨ-нің 2,2%-ы және 2025 жылмен салыстырғанда 13%-ға көп.

Серіктес жаңалықтары