×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

Германия Украинаға сенімінен айнымады

Бүгін, 21:40
Германия Украинаға сенімінен айнымады
Ашық дереккөзден

Германия үкіметі Украина билігіндегі болжамды сыбайлас жемқорлыққа қатысты дауға қарамастан, Киевке сенім білдіруін жалғастырып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы 12 қараша күні Германия Федеративтік Республикасының үкіметі атынан Deutsche Welle медиакомпаниясына берген сұхбатында ресми өкіл Штефан Корнелиус мәлімдеді. Ол бұл пікірін Германия Украинаға көрсетіп отырған көмектің қалай пайдаланылып жатқанын бақылау күшейе ме деген сұраққа жауап ретінде айтты.

«БІЗ ЗЕЛЕНСКИЙМЕН ТЫҒЫЗ СЕНІМДІ БАЙЛАНЫСТАМЫЗ»

«Федералдық үкімет енді оқиғалардың өрбуін мұқият бақылайтын болады. Біз Украина президенті Владимир Зеленскиймен өте тығыз сенімді байланыстамыз және мұндай жағдайларда да жанында болуды жалғастырамыз. Бұл нақты жағдайдың қалай дамитынын бақылап отырамыз. Қажет болған жағдайда шара қабылдауға да тура келуі мүмкін», — деді Корнелиус.

ГЕРМАНИЯ КИЕВТІҢ МӘСЕЛЕНІ ӨЗІ ШЕШЕТІНІНЕ ҮМІТТІ

Корнелиус биыл өтуі тиіс Германия мен Украина арасындағы үкіметаралық кеңесулердің күн тәртібіне сыбайлас жемқорлық мәселесі енгізілмегенін және бұл тақырып талқыланбайтынын да атап өтті.

«Қазіргі таңда біз Украина үкіметінің бұл мәселені өз бетінше шешетініне сенеміз. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың бұл істі ашып, қисынды қорытындыға жеткізетініне де сенім бар», — деп қосты ол.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ СЕРІКТЕСІНЕ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бұған дейін, 10 қарашада Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы Киевте президент Владимир Зеленскийдің ескі серіктесі, кәсіпкер әрі «Квартал 95» студиясының тең иесі Тимур Миндичтің үйінде тінту жүргізгені белгілі болды. Ол тінтуге бірнеше сағат қалғанда елден шығып кеткен.

Тінтулер сондай-ақ «Энергоатом» компаниясында және бұрынғы энергетика министрі Герман Галущенкоға қатысты да жүргізілді. Ол әділет министрі міндетін атқарудан шеттетілді. Бұл шешім 12 қараша күні таңертең Киевте өткен үкіметтің шұғыл отырысында қабылданғанын премьер-министр Юлия Свириденко мәлімдеді. Оның айтуынша, министрдің міндетін енді әділет министрінің еуропалық интеграция мәселелері жөніндегі орынбасары Людмила Сугак атқарады.

Украина Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы мен Украина Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы энергетика саласындағы жемқорлықты әшкерелеуге бағытталған ауқымды операция жүргізілгенін растады.

Серіктес жаңалықтары