×
525.28
607.85
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.28
607.85
6.47

Қазақстанның желден энергия өндіру болашағы қандай

Бүгін, 23:40
Қазақстанның желден энергия өндіру болашағы қандай
Әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысының Қарғалы және Хромтау аудандарында орналасқан Бадамша-1 және Бадамша-2 жел электр станциялары өңірдің басты энергия көзіне айналған. Жалпы қуаты 96 мегаватт болатын бұл нысандар — Қазақстандағы алғашқы жеке қаржыландырылған жел жобаларының бірі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жел күшімен жұмыс істейтін заманауи General Electric турбиналары жыл сайын жүздеген миллион киловатт-сағат экологиялық таза энергия өндіреді. Бұл жобаларды жүзеге асырып отырған Plenitude Kazakhstan компаниясы ел аумағында Shaulder күн электр станциясын (50 МВт) және Маңғыстаудағы гибридті энергия жобасын да дамытып келеді.

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ – ЖАСЫЛ ИНЖЕНЕРЛЕРМЕН

Сондай компанияның бірі Plenitude Kazakhstan ұйымы. Компания бас директоры Федерико Пульезе Ақтөбе өңіріндегі Қ.Жұбанов атындағы университеттітің жанынан ашылған Heriot-Watt университеті Ақтөбе кампусында студенттерге дәріс өткізген. 

Пульезе «Electrical Power Engineering» мамандығында оқып жатқан студенттерге жел электр станциясының жұмыс циклі мен техникалық процестерін түсіндіруге тырысқан. 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БІЛІМ

Федерико Пульезе сөз барысында Қазақстанның жел мен күн энергиясындағы рөлін атап өтті. 

«Болашақ инженерлер тек теорияны емес, нақты өндіріс процесін түсінуі керек. Қазақстандағы жел және күн энергиясы жобалары – тәжірибе жинауға таптырмас алаң», – деді ол дәріс барысында.

АНЫҚТАМА ҮШІН

Plenitude Kazakhstan – италиялық Eni компаниясының жаңартылатын энергия мен декарбонизация бағытындағы еншілес ұйымы. Компания Қазақстандағы алғашқы жеке қаржыландырылған жел электр станцияларын іске қосқан және қуаты 200 МВт-тан асатын күн мен жел жобаларын жүзеге асырып келеді.

Серіктес жаңалықтары