×
524.65
607.02
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
607.02
6.48

Бурабайдағы жерлерді Болат Назарбаев алған ба? Әкім жауап берді

Бурабайдағы жерлерді Болат Назарбаев алған ба? Әкім жауап берді
Ашық дереккөзден

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бурабайда жер телімдерінің «таныстық арқылы» берілгені туралы сұраққа жауап берді. Бұл мәселе орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақмола облысының экономикалық-әлеуметтік жағдайын баяндауға келген әкім Марат Ахметжановтан журналистер Бурабайдағы жер телімін алу туралы сұрады. Журналист:

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаменті Болат Маржықпаев, Болат Назарбаев және оның балаларына қатысты сот ісін бастаған. Сіз айтқан “таныстықпен жер алу” туралы сөз осы адамдарға қатысты ма?» — деп сұрады.

Бірақ Ахметжанов бұл сұраққа нақты жауап беруден бас тартып, жер иелері туралы ақпаратты «сот кабинеті» арқылы көруге кеңес берді.

- Мұнда мәселе тұлғаларда емес. Менің айтқаным — мұндай жағдай кез келген адамда болуы мүмкін. Егер заң бұзылып, жер телімдері заңсыз берілген болса, оны құқық қорғау органдары анықтауы керек. Кім алғанын, қандай артықшылық арқылы және қандай заң бұзылғанын солар тексеруге тиіс, — деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бұл тек жоғары лауазымды адамдарға қатысты емес. 

- Мұндай жағдай кез келген азаматпен болуы ықтимал — пара, жемқорлық немесе өзге де заңсыз жолмен. Сондықтан мәселені егжей-тегжейлі зерттеу қажет, — деп түйіндеді Ахметжанов.

Серіктес жаңалықтары