×
524.65
607.02
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
607.02
6.48

Казақстандықтар банктерге көбірек ақша төлейтін болады

Бүгін, 18:06
Казақстандықтар банктерге көбірек ақша төлейтін болады
Ulysmedia.kz коллажы

2026 жылдан бастап қазақстандық банктер қаржылық қызметтерге алынатын комиссияларды көтеруі мүмкін. Бұл қосымша құн салығының (ҚҚС) көтерілуімен байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Банк клиенттері неге дайын болуы керек?

«Ручная экономика» телеграм-арнасының жазуынша, 2026 жылы комиссиялардың қымбаттайтынын «Нұрбанк» ресми түрде хабарлап үлгерді. Банк басшысы Гүлнара Мұсатаева ҚҚС өсіміне байланысты шамамен ақпан айынан бастап комиссиялар көтерілетінін растаған.

— Бүгінде ҚҚС несиелеуге қатысты комиссияларға салынбайды. Алдағы уақытта қалған барлық қызмет түрлеріне ҚҚС салу жоспарланып отыр. Жеке тұлғаларды үш ай бұрын алдын ала хабардар ету талабы бар болғандықтан, шамамен ақпанда ҚҚС-ы ескерілген жаңа комиссиялар енгізіледі деп болжап отырмыз, — деді Гүлнара Мұсатаева.

Мұсатаева сөзін жалғай отырып, әлемнің көп елінде қаржылық қызметтерге ҚҚС салынбайтынын айтты. Алайда Қазақстан бұл мәселеде өзге бағытты таңдаған. Сондықтан 2026 жылдан бастап банктерге қызмет көрсету комиссияларынан қосымша құн салығын төлеуге тура келеді. Ешбір қаржы ұйымы өз табысынан айрылғысы келмейтіні анық, сол себепті банктер жаңа талаптардың орнын толтыру үшін клиенттерден көбірек ақша алуға көшеді деп күтіледі.

Серіктес жаңалықтары