×
524.65
607.02
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
607.02
6.48

Рыбакинаның табысы - ол Гиннес рекордтар кітабына енді

Бүгін, 20:10
Рыбакинаның табысы - ол Гиннес рекордтар кітабына енді
Ашық дереккөзден

Гиннес рекордтар кітабының деректеріне сәйкес, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның мансаптық табысы 24,438 миллион долларды құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл соманың едәуір бөлігі 2025 жылы табылған — 8,456 миллион доллар, оның ішінде Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA маусым қорытынды турниріндегі жеңісі үшін рекордтық 5,235 миллион доллар. Бұл жүлде теннис тарихындағы бір турнир үшін берілген ең ірі сыйақы болып саналады, ол белорус Арина Соболенко мен испан Карлос Алькарас алған 5 миллион долларлық US Open жүлделерінен асып түсті.

26 жастағы Рыбакина WTA турнирлерінде жекелей сында 11 титул жеңіп алған. 2022 жылы ол Уимблдонды ұтса, 2023 жылы Австралия ашық чемпионатында екінші орынға ие болды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ірі халықаралық турнирде жеңіске жетіп, чемпион атанды. Алайда марапаттау рәсімі қазақстандықтардың наразылығын тудырды

ТУЫ ЖОҚ ЖЕҢІМПАЗ

Қоғам қайраткері Ғалым Байтұқтың айтуынша, марапаттау кезінде Қазақстан туы тек электронды таблодағы ұсақ жазу түрінде ғана көрінді. Спортшының өзінде де, оның командасында да, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовта да ешқандай жапсырма, лента немесе ту болмаған. Айта кетерлігі, турнир ережелері мұндай рәміздерді қолдануға тыйым салмайды.

Серіктес жаңалықтары