×
524.65
607.02
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
607.02
6.48

Отандық клубты сатып алған олигархтың қандай жоспары бар

Бүгін, 21:10
Отандық клубты сатып алған олигархтың қандай жоспары бар
Ulysmedia коллажы

Кәсіпкер Михаил Ломтадзе елордадағы «Жеңіс» клубының жекешелендірілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы елордалық “Жеңіс” клубының баспасөз қызметі жазды. 

«Менің арманым — Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Бұл академияда ең талантты жас футболшылар, болашақ жұлдыздар тәрбиеленеді. Оқу толықтай тегін болады. Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны — Англияның үздік мамандарымен жаттығу мүмкіндігіне ие болады.Футбол — ең көп таралған әрі көрерменге қызықты спорт түрі, көптеген елдер үшін мақтаныш көзі. Мен заманауи технологиялардың көмегімен қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелей аламыз деп сенемін», — деді кәсіпкер.

Forbes дерегінше, Ломтадзенің байлығы 3,9 миллиард долларды құрайды.

БҰҒАН ДЕЙІН

2024 жылдың мамыр айында ол Англияның футбол лигасы жүйесіндегі маңыздылығы бойынша үшінші дивизион — Лига 1-де өнер көрсететін «Уиком Уондерерс» клубының акцияларының бақылау пакетін (90 пайыз) сатып алғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары