Қырғыздар мен қазақтарды балағаттаған Биволға қатысты Ресейде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволдың қырғыздар мен қазақтарға қатысты айтқан сөздерін тексере бастады.
Бұған оның әлеуметтік желілерде қырғыздар мен қазақтарды ұлтына қарай қорлайтын сөздері бар видеоны жариялауы себеп болды. Бұл туралы «Газета.Ru» басылымына Ресей ІІМ-нің азаматтық институттар және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл басқармасында хабарлаған.
- Айтылған жайттарға байланысты тексерісті Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ басты басқармасы жүргізіп жатыр, — деп мәлімдеді «Газета.Ru»-ға басқарма басшысының орынбасары Евгений Артемов.
ЭКСТРАДИЦИЯ
Еске салайық, Қазақстан Ішкі істер органдары спортшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды елге қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр.
ҚЫРҒЫЗСТАН
Бұған дейін Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.