×
524.32
609.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.32
609.05
6.52

Ұлттық банк теңгенің болашағы не боларын білмейді

Бүгін, 17:31
Ұлттық банк теңгенің болашағы не боларын білмейді
Ulysmedia.kz коллажы

Соңғы күндері теңге нығайып келеді. Алайда ұлттық валютаның ұзақ мерзімдегі жағдайы қандай болатынын Ұлттық банк нақты болжай алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл – нарықтың өз ықпалы

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов журналистерге реттеуші ұлттық валютаның бағамына араласпайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, теңгенің күшеюі немесе доллардың арзандауы – толықтай нарықтағы процестердің нәтижесі.

– Теңге фундаменталды факторларға байланысты күшейеді немесе әлсірейді. Біз бағамды реттемейміз, ол сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасады, – деді Сүлейменов.

Алда не күтіп тұр?

Қазіргі таңда жағдай теңге үшін қолайлы. Бұл – валюталық түсімдердің түсуі, мұнай бағасының салыстырмалы түрде жоғары болуы және Ұлттық қордан бөлінетін трансферттермен байланысты.

Алайда мұндай үрдістің қанша уақытқа созылатынын Ұлттық банк айта алмайды.

Серіктес жаңалықтары