×
524.32
609.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.32
609.05
6.52

Юрий Дудь 1 жыл, 10 айға сотталды

Бүгін, 22:40
Юрий Дудь 1 жыл, 10 айға сотталды
Ulysmedia коллажы

Ресей соты елден кеткен журналист Юрий Дудьті «шетелдік агент міндеттерін орындамады» деген іс бойынша сырттай жалпы режимдегі колонияға 1 жыл 10 айға соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәскеудің аудандық соты Юрий Дудьті Ресей Қылмыстық кодексінің 330.1-бабы 2-бөлігі бойынша «шетелдік агент қызметін жүргізу тәртібін бұзды» деген айыппен сырттай соттап, жалпы режимдегі колонияға 1 жыл 10 ай мерзім тағайындады. Бұл туралы 14 қараша, жұма күні «Медиазона» басылымы хабарлады.

Прокурор Светлана Бердашкевич соттан жаза мерзімін сұраумен қатар, «саяси өшпенділік мотивін» ауырлататын мән-жай ретінде тануды өтінді. Дудьтің қорғаушылары оның әрекеттерінен нақты зиян келмегенін айтып, істі маңызсыздығына байланысты тоқтатуды сұрады. Олар Дудьтің жазбалары «тұрмыстық мәселелерге» қатысты болғанын, сондықтан саяси өшпенділік туралы айтуға негіз жоқ екенін атап өтті.

ІС ҚОЗҒАЛУЫНА СЕБЕП

Қылмыстық істің қозғалуының себебі – Дудьтің «шетелдік агент» мәртебесін көрсетпей жариялаған жазбалары үшін бұған дейін салынған айыппұлдар және 2025 жылдың мамыр айында жарияланған үш жазба. Бұл туралы «Медиазона» жазады. Іс бойынша жалғыз куәгер – бұрын Роскомнадзорда сарапшы болып жұмыс істеген Анастасия Кравцова.

2024 жылдан бастап Мәскеу соттарына Дудьке қатысты төрт әкімшілік хаттама жолданған: дизайнер Артемий Лебедевпен сұхбаты үшін және Telegram-арнасындағы 14 жазба үшін үш рет. Биыл шілде айында Ресейден кеткен журналистке қарсы қылмыстық іс қозғалып, ол «шетелдік агент міндеттерін орындамады» деген бап бойынша сырттай тұтқындалды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Қазақстандық маман Әлішер Елікбаев Юрий Дудьтен неліктен қазақстандықтардан сұхбат алмай кеткенін сұраған.

Серіктес жаңалықтары